Ақмола облысында білім беру саласының қызметі қорытындыланып, жаңа міндеттер белгіленді

Ақмола облысында білім беру саласының қызметі қорытындыланып, жаңа міндеттер белгіленді

Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының алқа отырысы өтті. Тақырыбы –«Білім сапасын арттыру және ресурстарды тиімді басқару: аралық қорытындылар мен міндеттер».

Іс-шараға білім басқармасы басшысының орынбасарлары мен бөлім басшылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, қарамағындағы білім беру ұйымдарының және жеке колледждердің басшылары қатысты.

Шақырылғандар қатарында – Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қаппасов Орал Қабиевич және облыстың білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Абдрахманов Бейсенбай Қадырұлы болды.

Модератор - Айнагүл Қыдырбайқызы Балташева, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы.

І тоқсанның қорытындысы бойынша орта білім беру ұйымдарындағы білім сапасы туралы Ақмола облысы білім басқармасының мектепке дейінгі және жалпы орта білім бөлімінің  басшысы Әсемгүл  Тулеханқызы Сулейменова баяндама жасады.

2025 жылы педагогтерді аттестаттаудың қорытындысы және білім беру ұйымдары басшыларының бос орындары туралы ұйымдастырушылық-бақылау және кадр жұмыстары бөлімінің басшысы Әсел Өмірзаққызы Жаркенова хабарлады.

Білім басқармасының қамқоршылық, қорғаншылық және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Айгүл Сағынбайқызы Магавина «Тәрбие - қауіпсіз білім беру ортасын құрудың негізгі факторы.

Жазғы демалысты ұйымдастыру қорытындылары туралы» тақырыбында баяндама жасады

Дуалды оқыту аясындағы оқу үдеріс ұйымдастыру туралы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім бөлімінің  басшысы Нажмиден Мұратұлы Нуралин айтып берді.

2025 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша бюджет игерудің қорытындысы. 2026 жылғы бюджетті жоспарлау туралы  басшының орынбасары Жанар Досымханқызы Назыкенова баяндады.

Алқа отырысының соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, алқа қаулысының жобасы талқыланды және білім басқармасының басшысы қорытынды сөз сөйледі.

Іс-шараның жағымды сәті ретінде өңірдің үздік педагогтері алғыс хаттармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.