
3 қараша күні «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында облыстың барлық мектептерінде «Заң және менің құқығым» тақырыбында Бірыңғай интерактивті сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заңға құрмет пен жеке жауапкершілік сезімін арттыру, азаматтық белсенділікті дамыту және дауларды бейбіт жолмен шешу дағдыларын қалыптастыру.
Интерактивті сабақтарға облыс бойынша 110 мыңнан астам оқушы қатысты.
Сабақтар ашық пікірталас, рөлдік ойындар және жағдаяттық тапсырмалар форматында өтіп, оқушылар өз құқықтары мен міндеттерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренді.