
2025 жылғы 29 – 31 қазан аралығында Астана қаласында 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» атты VІІ республикалық интеллектуалдық байқауы өтті.
Байқауға Ақмола облысынан 4 оқушы қатысты:
«Менің өлкемнің тарихы мен мұрасы» номинациясы бойынша Ережепов Санжар - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
«Менің өлкемнің символдары» номинациясы бойынша Аскерова Салтанат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;
«Жасампаздар: менің өлкемнің тұлғалары мен батырлары» номинациясы бойынша Жуманова Аружан- Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
«Ертеңгі менің өлкем: болашақ жобасы» номинациясы бойынша Беков Ералы - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы.
Республикалық байқаудың қорытындысы бойынша біздің қатысушылар тамаша нәтижелер көрсеттіп:
І-дәрежелі дипломмен 9-сынып оқушысы Аскерова Салтанат;
ІІІ-дәрежелі дипломмен 10-сынып оқушысы Жуманова Аружан марапатталды.
Құттықтаймыз!