
2025 жылғы 30 қазанда Жақсы ауданының Жақсы ауылында инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы аралас форматта өтті.
Отырысты басқарма басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова ашып, қолжетімді білім беру ортасын құру үшін бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Практикалық бөлімде қатысушылар Жақсы ауылының № 2 ЖОББМ педагогтері дайындаған сабақтар мен тренингтердің үзінділеріне қатысты.
Пленарлық бөлімде педагогтер инклюзивті білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конгресте қабылданған инклюзивті білім беру жөніндегі Алматы декларациясының мазмұнын, сондай-ақ Жақсы ауданының білім беру ұйымдарындағы инклюзивті білім берудің жай-күйін талқылады.
Кеңестің кезекті отырысы білім алушылардың барлық санаттары үшін білімнің қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған күш-жігерді біріктіру, тәжірибе алмасу, нақты ұсынымдар әзірлеу алаңына айналды.