Республикалық деңгейде танылды: Көкшетау колледжі жоғары марапатқа ие болды

Республикалық деңгейде танылды: Көкшетау колледжі жоғары марапатқа ие болды

Жұмысшы мамандықтары жылында кәсіби мереке белгіленді: 2 қазан – Қазақстан Республикасындағы техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері күні.

TurkisSkills-2025 халықаралық чемпионаты аясында Көкшетау қаласының Жоғары техникалық колледжі республикалық деңгейде жоғары бағаға ие болды! Колледж «Халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша үздік колледж» номинациясына ие болды.

Аталған номинация ұжымның халықаралық тәжірибені оқу үдерісіне енгізудегі нәтижелі жұмысының тікелей дәлелі. Бұл мойындау колледждің алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені сәтті енгізіп жатқанын, халықаралық серіктестермен ынтымақтаса отырып, осы құнды тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарымен белсенді түрде бөлісетінін растайды.

Колледж оқытушыларды  біліктілігін арттыруға белсенді ықпал ететін және сұранысқа ие кадрларды сапалы дайындауға кепілдік беретін орталық ретінде танытты.

Көкшетау жоғары техникалық колледжінің ұжымын осы лайықты номинациямен құттықтаймыз!