Костанай облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Аулиекөл ауылдағы ауыл шаруашылығы колледжінің базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «AgroSkills-2025» республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Жарысқа еліміздің 14 облысынан келген 14 студент қатысты. Олар аймақтық кезеңдердің жеңімпаздары.
Ақмола облысының намысын Есіл қаласындағы Агротехникалық колледждің «Фермер шаруашылығын механикаландыру» мамандығы бойынша оқитын үшінші курс студенті Гончаров Станислав қорғады. Эксперт-компатриот Бауржан Мұқатайұлы Нұрмағамбетов.
Екі күн бойы қатысушылар шынайы өндірістік жағдайларға барынша жақын тапсырмаларды орындады: ауыл шаруашылығы техникасын тізгіндеу, жабдықты диагностикалау және жөндеу, заманауи цифрлық технологияларды қолдану.
Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша Гончаров Станислав «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» құзыреттілігі бойынша ІІ орынды иеленді!
«Байқау күндері Станислав теориялық және практикалық жағынан жоғары білім деңгейін көрсетті. Әр кезеңде ол колледж қабырғасында алған білімін лайықты деңгейде дәлелдеді», – деп айтты Бауржан Нұрмағамбетов.
Колледжді аяқтаған соң, болашақ механизатор таңдаған мамандығы бойынша еңбек етіп, ауыл шаруашылығын механикаландыру саласында жоғары білікті маман болуды жоспарлап отыр.