Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Павлодар қаласында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшылары үшін «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» республикалық білім беру интенсиві өткізілді.
Еліміздің барлық өңірлерінен келген 80 көшбасшысы мектептегі өзін-өзі басқару, көшбасшылық саласындағы білімдерін кеңейту, идеяларымен бөлісу үшін жиналды.
Ақмола облысынан облыстық кезеңнің іріктеу турынан өткен мектеп өзін-өзі басқарудың үздік көшбасшылары интенсив жұмысына қатысты:
- Андрияшина Милана – Есіл ауданы;
- Какимжанова Жансая – Шортанды ауданы;
- Бейсембай Мадина – Степногорск қаласы;
- Жуманова Аружан – Аршалы ауданы.
Екі күн бойы қатысушылар тренингтерге, мастер-кластарға, пікірталастарға қатысып, өздерінің көшбасшылық қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті.
Интенсивке белсене қатысқан Ақмола облысының оқушылары арнайы сертификаттермен марапатталды.