
«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.
Байқауға Аршалы, Бурабай, Есиль, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қаласынан 13 оқушы қатысты. Қатысушылар байқауға алуан түрлі салада сегіз номинация бойынша өз макеттерін мен жобаларын ұсынды.
Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру (автобустар, жеңіл көлік, жүк көлігі, арнайы техника, тәжірибелік модельдер және жол таңдамайтын көліктер) номинациясында:
1 орын –Сальников Александр, Сандықтау ауданы;
2 орын –Мұратбек Алишер, Көкшетау қаласы;
2 орын –Суртаев Илья, Аршалы ауданы.
Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру (станок жабдықтары, әр түрлі техникалық объектілердің модельдері және эксперименттік модельдер) номинациясында:
1 орын –Туебаев Ерасыл, Көкшетау қаласы.
Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру (трактор модельдері, комбайн, тұқым сепкіш, жүк тиегіш, жүк іріктегіш, шөмеле үйетін машина, ауыл шаруашылық кешендері, тәжірибелік модельдер және т.б.) номинациясында:
1 орын –Мұратбек Ансар, Көкшетау қаласы.
Су көлік саласындағы техникалық құрастыру (ауа жастықшалы кеме моделі, кеме, яхта, гидроплан, катер, қайық, тәжірибелік модельдер және т.б.) номинациясында:
1 орын –Рангно Арсений, Аршалы ауданы.
Авиация саласындағы модельдер, авиациялық техника әзірлеу саласындағы модельдер (ұшақтар, тікұшақтар, пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар және т.б.) номинациясында:
1 орын –Сумин Сергей, Аршалы ауданы.
Космонавтика және аэрокосмос техникасы саласындағы модельдер, космос техникасын әзірлеу саласындағы модельдер (зымыранды жүйелер, космос станциялары, спутниктер, аппараттар және т.б.), зымыран құрастыру (космос кемелері, зымырандар және ілеспелі техника) номинациясында:
1 орын –Пимонов Радион, Аршалы ауданы.
Құрылыс саласындағы модельдер (тұрғын үй макеттері, әкімшілік ғимараттар, коттедждер, кешендер, спорттық ғимараттар, вокзалдар, порттар, аэродромдар, сауда орталықтары және т.б.) номинациясында:
1 орын –Байботчаев Виктор, Бурабай ауданы.
«Үздік рационализаторлық ұсыныс» жобасы. Осы номинацияға кәсіпорын қызметіне қатысты және еңбек, шикізат, отын энергетикасы және басқа да материалдық және қаржылық ресурстарды үнемдейтін техникалық шешімдер:
1 орын –Шаповалов Андрей, Аршалы ауданы;
2 орын – Кожанов Амирхан, Көкшетау қаласы.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады. Барлық қатысушыларға байқауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
Республикалық кезеңге облыстық турда 1 орын иеленген жеңімпаздары қатысады.