Бурабай ауданының "Намыс" әскери-патриоттық клубының командасы 2020 жылғы 28 қыркүйек пен 30 қараша аралығында онлайн режимде өтетін "Айбын-2020" IV республикалық әскери-патриоттық жиынында Ақмола облысын ұсынады.
15 бала, оның ішінде Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық, жоғары техникалық колледждерінің, Көкшетау қ.азаматтық қорғау Жоғары колледжінің студенттері және Бурабай ауданы мектептерінің оқушылары республиканың түкпір-түкпірінен 35 командамен күш, ептілік және әскери шеберліктен жарысады. Олар "Жас ұлан" мектебінің, "Арыстан" мамандандырылған лицейінің тәрбиеленушілері, Облыстық әскери мектеп интернаттарының, Қарулы Күштердің әскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, сондай-ақ облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әскери-патриоттық клубтары.
«Онлайн жиынға жеке байқауларға 14-18 жас аралығындағы әр адам қатыса алады. Ол үшін «Айбын» мобильдік қосымшасына тіркеліп, жарыстың барлық шарттарын орындау қажет. Жиынды өткізудің ашықтығы үшін әрбір Интернет пайдаланушысы веб-сайт немесе "Айбын" мобильді қосымшасы арқылы байқау барысын бақылай алады", - деп түсіндірді «Жас Сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мейірбек Меңдіғалиев ОКҚ брифингінде.
28 қыркүйекте Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы Р.Қасымов, Ақмола облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары А. Әлиев, Ақмола облысы білім басқармасының орынбасары Б. Дүйсенованың қатысуымен онлайн платформа іске қосылды.
Марапаттау рәсімі мен жиынның жабылуы ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өтеді. Оған жүлделі орындарға ие болған команда капитандары қатысады. Басқа барлық қатысушыларына қалған сыйлықтар өңірлерге жеткізіледі.
Жарысқа ұйымдастырушылар "Biz birgemiz"конкурс-челленджін енгізді. Әлеуметтік желілердегі әр команда челленджге видео жариялады. Бұл бейне мобильді қосымшаға да жүктелген. Ең көп лайк жинаған Команда жеңімпаз деп танылады.
Айта кетейік, Ақмола облысында 226 әскери-патриоттық клуб жұмыс істейді, онда 6 мыңнан астам оқушы мен студент тәрбиеленуде.