Атбасардағы №7 мектеп жаңа кейіпке енді

Атбасардағы №7 мектеп жаңа кейіпке енді

Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №7 жалпы білім беретін мектебінің оқушылары жаңа оқу жылын жаңарған ғимаратта бастады. Мектеп 1963 жылы салынған. Білім ордасында 562 оқушы тәлім алады. Бұған дейін ғимаратта тек ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Жазғы кезеңде мектепте күрделі жөндеу жүргізілді.

Келесі жұмыстар атқарылды:

- жылыту, кәріз және су жүйелерін жөндеу

- асхана мен спорт залды жөндеу

- 2 инклюзия кабинеті, 3 қабаттағы санитарлық тораптар, 1-қабаттың фойесі толық жаңартылды

- линолеум төселіп, тұтқалар ауыстырылды

«Қазір мектебімізді тану мүмкін емес. Ол бұрынғыдан да жайлы, ыңғайлы әрі заманауи болып, оқу процесіне және білім беру ісіне қатысушылардың көңіл-күйіне оң әсер етуде. Балаларымыздың мүмкіндіктері одан сайын артты», – деп айтты мектеп директоры Нұрсулу Алкенова.

Атап айтсақ, мектептің жаңаруы – балалардың білім алып, дамуына қолайлы жағдай жасау жолындағы үлкен қадам. Қазіргі заманғы инфрақұрылымға инвестиция жасау - оқу процесін айтарлықтай жақсартып, келер ұрпаққа қолайлы орта қалыптастырады.