Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенованың төрағалығымен тәрбие жұмысы бойынша әдіскерлер, мектеп директорлары, оқу және тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, пән мұғалімдері мен ата-аналар комитеттері және ата-аналар кеңестері өкілдерінің қатысуымен облыстық жиналыс өтті.
Ауқымды іс-шараға 10 мыңнан астам адам қатысты. Күн тәртібінде ата-аналар комитеттерінің жұмысын жаңа құрылымға трансформациялау және облыс мектептерінде «Адал азамат» бірыңғай бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды.