Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қашықтық форматта «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық фестивалі өтті.
Іс-шара балалар кинематографиясын қолдауға және насихаттауға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Аталған фестивальға республикамыздың 140 женімпазы қатысты. Ақмола облысының намысын облыстық кезеңнің 7 жеңімпазы қорғады.
Фестивальдің қорытындысы бойынша Ақмола облысынан «Деректі кино» номинациясында Сандықтау ауданының оқушысы Ким Арина І жүлделі орынды иеленді.
Құттықтаймыз!