Ақмолалық оқушылар жас музыканттардың республикалық фестиваль- байқауының үздік үштігіне енді

Ақмолалық оқушылар жас музыканттардың республикалық фестиваль- байқауының үздік үштігіне енді

Қазақстан республикасы Оқу-ағарту министрлігінің республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен қашықтық форматта балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары – жас музыканттардың республикалық фестиваль - байқауы өткізілді.

Республикалық фестиваль-байқауға балалар музыка мектептері мен балалар өнер мектептерінің қазақ және орыс халық аспаптары (домбыра, үш ішекті домбыра, қобыз прима, қыл қобыз, жетіген, шертер, баян, аккордеон, домра, балалайка, гитара) аспаптар сыныбы бойынша облыстық кезеңдердің жеңімпаздары - 660 білім алушы қатысты.

Республикалық фестиваль-байқауда Ақмола облысының намысын облыстық кезеңнің 33 жеңімпазы қорғады.

Шығармашылық байқаудың қорытындысы бойынша біздің қатысушылар тамаша нәтижелер көрсетті:

- «Жетіген сыныбы» номинациясында: ІІІ орын – Ұлан Мөлдір, Көкшетау қаласы, Балалар музыка мектебі;

- «Орыс халық аспаптар» номинациясында: IІІ орын – Балалар музыка мектебінің баянистер ансамблі, Көкшетау қаласы.

Құттықтаймыз!