Ақмолалық оқушылар «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының жеңімпаздары атанды

Ақмолалық оқушылар «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық  форумының жеңімпаздары атанды

Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумын қашықтық форматында өткізді.

 Форумның басты мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығымен экономикасының   болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушыладың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін  жандандыру,білім алушылармен педагогтерді бірлескен  қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту,балаларды қосымша біліммен қамту.

Қорытынды кезеңге еліміздің түкпір – түкпірінен 180 үздік қатысушы қатысты. Ақмола облысы атынан 9 білім алушы қатысты, олар облыстық кезеңнің жеңімпаздары.

Республикалық турдың қорытындысы бойынша біздің қатысушыларымыз көшбасшылар қатарынан көрінді:

- «Менің кәсібім -менің бизнесім» номинациясы бойынша:

1 орын - Карпенко Алеся- Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі;

- «Жас мобилограф» номинациясы бойынша:

1 орын - Резина Анель- Есіл ауданы, Есіл қаласы «Сайлау Серіков атындағы

жалпы орта білім беретін мектебі».