Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы қашықтық форматында «Алтын қазына» балалар шығармашылығының көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша республикалық байқау – көрмесін ұйымдастырды.
Республикалық кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен облыстық кезең жеңімпаздары болып табылатын барлығы 140 оқушы қатысты.
Ақмола облысынан соңғы кезеңге 7 қатысушы қатысып, тамаша нәтижелер көрсетті:
- «Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш)» номинациясында:
I орын – Белоусов Григорий, Зеренді ауданы.
- «Металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу» номинациясында:
II орын – Нұржан Ерсерік, Қосшы қаласы.
- «Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау» номинациясында:
I орын – Ержігіт Ербол, Зеренді ауданы.
- «Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше» номинациясында:
II орын – Удовиченко Марк, Астрахан ауданы.
Құттықтаймыз!