Домбыра күніне арналған облыстық байқау үздік жас күйші мен әншілерді анықтады

Домбыра күніне арналған облыстық байқау үздік жас күйші мен әншілерді анықтады

Өткен аптада Ұлттық домбыра күніне орай мектеп оқушылары арасында «Қасиетті домбыра» атты облыстық байқау өтті.

Іс-шара қазақтың өнерін өскелең ұрпаққа, өнер сүйер жұртшылыққа кеңінен насихаттауға, жас таланттар мен шебер орындаушыларды анықтауға және қолдауға ықпал етеді.  

Байқауға 13 ауданнан, Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалаларынан 127 жас өнерпаз қатысты.

Сыннан сүрінбей, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаздар жүлделі орындарды келесідей ретпен бөлісті:

«Үздік күйші» номинациясында (5-7 сынып):

1 орын –Малишева Алима, Аршалы ауданы;

2 орын – Азамат Диас, Қосшы қаласы;

2 орын – Ерикхан Шынарбек, Ақкөл ауданы;

3 орын – Ғалым Марғұлан, Көкшетау қаласы, Абай дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты;

3 орын – Ержан Зере, Атбасар ауданы;

3 орын – Хамит Бекарыс, Қосшы қаласы.

«Үздік күйші» номинациясында (8-10 сынып):

1 орын – Аманжолов Амир, Есіл ауданы;

2 орын – Койшибаева Арайлым, Аршалы ауданы;

3 орын –  Оразалин Жан, Көкшетау қаласы.

«Үздік дәстүрлі әнші» номинациясында (5-7 сынып):

1 орын – Хуаныш Назым, Целиноград ауданы;

2 орын– Усенбек Хамида, Целиноград ауданы;

2 орын – Тілек Пәкжан, Қосшы қаласы;

3 орын – Абсеит Аңсар, Ақкөл ауданы.

«Үздік дәстүрлі әнші» номинациясында (8-10 сынып):

3 орын – Мон Анель, Целиноград ауданы.

«Үздік домбыра ансамблі» номинациясында:

1 орын – «Қыран» ансамблі, Ақкөл ауданы;

2 орын – «Дала сазы» ансамблі, Қосшы қаласы;

3 орын – «Домбыра дастан» ансамблі, Көкшетау қаласы;

3 орын – «Жас қыран» ансамблі, Көкшетау қаласы, «Bolashag saraiy».

Байқаудың жеңімпаздары Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, ал олардың жетекшілері алғыс хаттармен марапатталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.