Сандықтау ауданында «Канағат» қонақ үй-туристік кешенінің базасында «Жалынды болашақ» скауттық қозғалысының шатырлы лагері өтті.
Іс-шараға Зеренді, Атбасар, Есіл, Жақсы аудандарынан, Көкшетау қаласынан келген 50-ге жуық бала қатысты.
Жас скауттар мына байқауларда бақ сынады:
- «Туристік кедергілер жолағы»
- «Туристік түйіндер»
- «Үздік бивуак»
- «Бардық кеші»
- «Логикалық кедергі»
- «Рюкзакты уақытқа дұрыс жинау»
«Жарыстар өте жоғары деңгейде өтті. Әр команда әрбір ойында бар күшін салып, барлық қатысушылар жеңіске жету мүмкіндігін арттыру үшін үлкен еңбек етті. Балалар тек жеке дайындықтарын ғана емес, сонымен қатар командалық жұмыс істеу қабілеттерін де көрсетті», — деп бөлісті бас төреші Ерік Букенов.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей анықталды:
I орын – «Әулет» командасы Көкшетау қаласы;
II орын - Көкшетау қаласының командасы;
III орын – «Экстрималы» командасы Жақсы ауданы.
Құттықтаймыз!