Ақтөбе қаласында екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы жоғары әскери институтының оқу полигонында «Айбын – 2025» халықаралық жастар жиыны өтті.
Жастар жиынының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қатысты.
Жарысқа 6 мемлекет Қазақстан, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің әскери-патриоттық қозғалыстарына 800-ге жуық жас әскер мүшелері қатысты. Слет қос атаулы мерекеге – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және қазақ халқының батыр қызы Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына арналды.
Ақмола облысынан жарысқа Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Айбын» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты.
Біріншілік барысында балалар мен жасөспірімдер «Айбын дарыны» интелектуалдық ойынына, «Smart Sarbaz» технологиялық конкурсына және «Айбын» жұлдызы шығармашылық сайысына қатысты. Пневматикалық мылтықтан ату, Калашников автоматын шашып, қайта жинаудан жарысты. Сондай-ақ бағдарламада спорттық сайыстар, «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойыны болды.
Халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша «Айбын» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауында жүлделі ІІ орынды, ал «Пневматикалық винтовкадан ату» сайысында командалық есепте ІІ орынды еншіледі. Сонымен қатар жеке есепте клуб тәрбиеленушісі Дюсенбай Санжар ІІІ орынға ие болды.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!