«Жалынды болашақ» шатырлы лагері: сынақтар, достық және командалық рух

«Жалынды болашақ» шатырлы лагері: сынақтар, достық және командалық рух

Сандықтау ауданындағы «Канагат» қонақ үй-туристік кешені базасында скауттық қозғалыстың «Жалынды болашақ» шатырлы лагері басталды.

Іс-шара жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, балалардың өз-өзіне, айналасындағы табиғатқа деген жауапкершілігін, дербестігін қалыптастыруға бағытталған.

Лагерьге Зеренді, Атбасар, Есіл, Жақсы аудандары мен Көкшетау қаласынан келген 50-ге жуық бала қатысуда.

Жас скауттар келесі байқауларда өз шеберліктерін көрсетеді:

- «Туристік кедергілер жолағы»

- «Туристік түйіндер»

- «Үздік бивуак»

- «Бардық кеші»

- «Логикалық кедергі»

- «Рюкзакты уақытқа дұрыс жинау»

Байқауларды кәсіби қазылар алқасы лагерьдің бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды. Қатысушыларға сәттілік пен жақсы демалыс тілейміз!