Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында 2025 жылғы 23-25 маусым аралығында жалпы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының қорытынды кезеңі өтті.
Іс-шара өсіп келе жатқан жас ұрпақ арасында Мағжан Жұмабаевтың ұлттық құндылықтары мен мұрасын насихаттауға бағытталған.
Ақмола облысынан байқаудың үш номинациясы бойынша облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысып, өңір намысын қорғады:
1.«Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша Еренбекұлы Нұрсұлтан - Целиноград ауданы Қоянды ауылы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
2.«Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша Амангелді Диас - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
3.«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» Усербаев Елжас - Степногорск қаласының Ю.А.Гагарин атындағы №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.
Байқаудың республикалық кезеңінің қорытындысы бойынша ақмолалықтар үздік үштікке енді. IІІ-дәрежелі дипломмен Көкшетау қаласындағы "Білім-инновация" лицей-интернатының оқушысы Амангелді Диас марапатталды.
Құттықтаймыз!