Білім жолындағы үлкен жетістік!

Білім жолындағы үлкен жетістік!

Әл-Фараби атындағы Көкшетау қаласында орналасқан IT лицейінің үздік оқушыларының бірі – Болатбек Сұлтан, IELTS емтиханынан 7.5 балл жинап, ҰБТ нәтижесінде 135 баллмен жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Сұлтан лицейішілік қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, білімге деген талпынысымен, табандылығымен ерекшеленеді.

ҰБТ-да таңдаған пәндері – дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі. Ал болашақта Астана қаласындағы «Maqsut Narikbayev University»-ге түсіп, «Аударма ісі» мамандығы бойынша білім алуды мақсат етеді.

 «Мен шет тілдеріне бала кезден қызығамын. Аударма ісі – тек тіл білу ғана емес, түрлі мәдениеттерді байланыстыру, халықтар арасында түсіністік орнату. Болашақта халықаралық деңгейде сұранысқа ие маман болғым келеді. Сол үшін көп еңбектеніп келемін», – дейді Сұлтан.

Ақмола облысының білім басқармасы Сұлтанды шын жүректен құттықтай отыра, алдағы грант байқауында сәттілік тілейді!