Болашақ — нашақорлықсыз: жастар арасында өткен графика және анимация байқауының қорытындылары

Болашақ — нашақорлықсыз: жастар арасында өткен графика және анимация байқауының қорытындылары

«Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы мен Ақмола облысы Полиция Департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы  бірлесе отыра, Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай «Сау болғың келсе, бол: бұл ең дұрыс жол!» атты облыстық компьютерлік графика және анимация байқауын өткізді.

Іс-шара жастар арасында нашақорлықтың таралуының алдын алуға, жастар ортасында салауатты өмір салты қажеттілігі идеясын қалыптастыруға бағытталған.

Байқауға Ақмола облысының: Астрахан,Атбасар,Бурабай,Біржан сал,Есіл,Сандықтау,Целиноград аудандары және Көкшетау қаласы  колледждерінің студенттері мен  мектеп оқушылары қатысты. Барлығы-24 қатысушы.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесі ретпен бөлінді:

Компьютерлік графика номинациясы бойынша:

1 орын-Жексенбай Таирхан, Көкшетау қаласын жоғары техникалық колледжі;

Анимация номинациясы бойынша:

  • орын- Нурпейсова Дильмира, Сандықтау ауданы Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі;
  • орын-Абзалилов Алим, Жаңаесіл ауылының индустриялық технологиялар және сервис колледжі;
  • орын -Амангелді Гүлнұр, Көкшетау қаласы Ш.Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжі;

3   орын – Куйшугулова Жасмин, Есіл ауданы Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі .

Жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар,  ал олардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталады. Барлық қатысушыларға қатысқаны үшін сертификаттар беріледі.