Ардагерлер кеңесінде 2024–2025 оқу жылының нәтижелері талқыланды

Ардагерлер кеңесінде 2024–2025 оқу жылының нәтижелері талқыланды

Бүгін, а.ж 19 маусымда республикалық Ардагерлер кеңесінің мүшесі Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы Ақмола облысының бірқатар білім беру нысандарына сапармен келді.

Сапар аясында Bolashaq Saraiy алаңында Ақмола облысы білім басқармасы ардагерлер кеңесінің «2024–2025 оқу жылының қорытындылары туралы» отырысы өтті.

Іс-шараға республикалық Ардагерлер кеңесінің өкілі Ж.К. Жүкенов, Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Б. Дүйсенова, облыстық білім басқармасы ардагерлер кеңесінің төрағасы, білім басқармасының бөлім басшылары мен мамандары және ардагерлер кеңесінің мүшелері офлайн түрде қатысты. Ал аудандық/қалалық білім бөлімдерінің ардагерлер кеңесінің төрағалары отырысқа онлайн форматта қатысты.

Отырыста оқу жылының қорытындылары бойынша Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Ботакөз Дүйсенова, сондай-ақ Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығының басшысы Сайран Шоқымова және басқа да қатысушылар баяндама жасады.

Отырыс қорытындысы бойынша шешім жобасы талқыланды.

Сонымен қатар, сапар барысында Жұмажан Қамкенұлы Зеренді ауданындағы «Сұңқар» және «Парус» балалар сауықтыру орталықтарына барды.

Айта кетейік, Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы – «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының білім және спорт жөніндегі сарапшысы, «Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жақсартудың 2021 – 2023 жылдарға арналған жол картасын» қолдау жөніндегі Жобалық кеңсенің аға сарапшысы.

Бұған дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппаратында қызмет атқарған.