2025 жылғы 15–18 маусым аралығында Алматы қаласында Ұлттық мектеп лигасындағы 5-6 сынып оқушылары арасында асық ату, бес асық, тоғызқұмалақ ұлттық спорт түрлері бойынша республикалық жарыстар өтті.
Ақмола облысынан жарысқа Қорғалжын ауданы Арықты мектебінің командасы қатысты.
Команда мүшелері:
- Сәрсен Жандос Темірбекұлы
- Әбдіғаппар Шернияз Нұржанұлы
- Байнасыр Бекарыс Бақытжанұлы
Жаттықтырушысы — Күлмаев Даир Мұхтарұлы
Республикалық сайыстың қорытындысы бойынша біздің команда үздік нәтиже көрсетіп асық ату жарысында ІІ орынды жеңіп алды.
Жас спортшыларымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!