2025 жылдың 17 маусым күні Айыртау көлінің шығыс жағалауында жаңартылған «Сокол» балалар сауықтыру орталығының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шараға Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтпаев қатысып, бұл оқиғаның өңір үшін ерекше маңызды екенін көрсетті.
Аумағы 6,3 гектарды құрайтын «Сокол» балалар сауықтыру орталығы ұзақ жылдар бойы мыңдаған балаға д
емалыс пен денсаулығын нығайтуға мүмкіндік беріп келді. Алайда 2020 жылдан бастап санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмегендіктен орталықтың қызметі уақытша тоқтатылған болатын.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасының«50 балалар сауықтыру лагерін құру» 85-тармағын іске асыру шеңберінде «Сокол» балалар сауықтыру орталығын қалпына келтіру және қолданысқа енгізу 2025 жылға жоспарланған болатын.
2024 жылғы тамызда балалар сауықтыру орталығы 15 жылға меншікке беру құқығынсыз «Нұрмұқанов» жеке кәсіпкерлігіне сенімгерлік басқаруға берілді. Қысқа мерзім ішінде орталық түбегейлі жөндеуден өтті: асхана толық жаңартылды, жаңа жиһаз орнатылды, аумақ абаттандырылып, балалар үшін қауіпсіз әрі жайлы орта құрылды.
2025 жылғы 10 маусымда орталық санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алып, 12 маусымнан бастап балаларды қайта қабылдай бастады. Биылғы жазғы маусымда 10 күннен тұратын 6 ауысым өткізу жоспарланған, оған 8-ден 15 жасқа дейінгі шамамен 2000 бала қатысады.
Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтпаев аймақ басшысы Марат Ахметжановтың ыстық сәлемін жеткізіп, балаларды демалыс маусымының басталуымен құттықтады. Балаларға жарқын әсерлер, жаңа достар мен көтеріңкі көңіл-күй, ал тәлімгерлерге – маңызды қызметтерінде қажыр-қайрат пен шабыт тіледі.
«Сокол» қайта жанданып, балалар күлкісі мен шаттығына бөленіп, әр демалушының жүрегінде шынайы жазғы ертегі бастау алды.