Поэзияға жол: Ақмола облысының оқушылары еліміздің үздік оқырмандарының қатарында

Поэзияға жол: Ақмола облысының оқушылары еліміздің үздік оқырмандарының қатарында

Алматы облысы Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында жалпы білім беру ұйымдарының 7-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мұқағали Мақатаев оқулары» байқауының қорытынды кезеңі өтті.

Іс-шара оқушылар арасында М.Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға, жалпы білім беретін оқу орындарының оқушыларының шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтауға бағытталған.

Ақмола облысынан республикалық турға облыстық кезеңнің 3 жеңімпазы қатысты;

1.«Айтып өткен ақында арман бар ма?» номинациясы бойынша Айбек Иманғали -  Аршалы ауданы  Сарыоба ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы;

2.«Жыр эстафетасы» номинациясы бойынша Есенбай Айдана - "IQanat High school of Burabai" мектебінің 10-сынып оқушысы;

3.«Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» номинациясы бойынша Алтын Әділет -  Целиноград ауданы  Жалғызқұдық ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Байқаудың қорытындысы бойынша біздің сайыскерлер тамаша нәтижелер көрсетті.

- ІІІ-дәрежелі дипломмен және 30 мың теңге ақшалай сертификатпен Алтын Әділет марапатталды.

-  Айбек Иманғали Грамотаға ие болды.

Құттықтаймыз!