Оқытушының біліктілігін арттыру – кәсіби құзыреттілікті арттыру мен жетілдірудің қажетті шарты

Оқытушының біліктілігін арттыру – кәсіби құзыреттілікті арттыру  мен жетілдірудің қажетті шарты

Тез өзгеретін еңбек нарығы мен жоғары бәсекелестік жағдайында жаңа ұрпақтың оқыту стандарттары өзгерді. Оқыту сапасын арттырудағы шешуші факторларының бірі педагогикалық кадрлардың кәсіби біліктілігін дамуы болып табылады.

2025 жылы колледждердің 280 педагог қызметкерлерін оқыту жоспарланған, атап айтсақ басшылар, басшының орынбасарлары, әдіскерлер, педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері.

Оқыту шеңберінде педагогтер еңбек нарығының қазіргі заманғы талаптарына сәйкес профильдер бойынша теориялық және практикалық білімді өзектендіріп, негізгі нормативтік-құқықтық актілерді зерделейді, Ақмола облысының жаңа кәсіптерінің атласын ескере отырып, жаңа білім беру бағдарламаларын жобалайды.

Оқыту Көкшетау қаласының колледждерінің базасында және Астана, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Кентау, Алматы қалаларында өткендіктен, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын зерделеп, тәжірибе мен білім алмасу жүруде.

Қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мамандарды даярлау сапасын жақсартуға ықпал етіп, педагогтердің біліктілігі мен кәсібилігін арттыруды қажет етеді.