Бүгінде облыс колледждері машина жасау, ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, көлік, энергетика, IT, құрылыс және инженерияны қоса алғанда, экономиканың 15 негізгі бағыты бойынша 97 мамандық және 165 біліктілік бойынша мамандарды даярлайды.
2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін 6 мыңнан астам студент аяқтауда. Оның ішінде 4 мыңы - жұмысшы мамандықтары бойынша, 1,5 мыңы - дуалды жүйе бойынша, ал 500-ден астам түлек кәсіпорындардың мақсатты тапсырысы бойынша оқудан өтті. Жұмыспен қамту көрсеткіші 82% құрады.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап сұранысқа ие техникалық мамандықтар бойынша оқыту толығымен тегін болады. Мемлекеттік гранттардың 70% - ы техникалық бағыттарға бағытталатын болады. Сонымен қатар, 2000-ға жуық студент кәсіпорындардың өтініштері бойынша оқитын болады.