Өз тарихыңды таны — ақмолалық оқушылар археологиялық қазба жұмыстарына қатысуда

Өз тарихыңды таны — ақмолалық оқушылар археологиялық қазба жұмыстарына қатысуда

Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы «Тарих мұрасы» кіші бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақмола облысының Васильковка ауылының аумағында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуде.

Аталған жұмыстарға Зеренді ауданының мектеп оқушылары мен мұғалімдері белсене қатысып, археологияға және тарихи мұраны зерттеуге үлкен қызығушылық танытып отыр.

Қазба жұмыстарының негізгі мақсаты — табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен жойылып кету қаупі бар қорғандар мен ежелгі қоныстарды зерттеу, оларды сақтау және қорғау.

Сонымен қатар, бұл бастама өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, тарихқа, мәдениетке және археологиялық ескерткіштерге құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған.