Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен педагогтері арасында «Еңбек адамы - көркем әдебиете» республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.
Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, еңбек адамының бейнесін көркем сөз арқылы насихаттауға бағытталды. Байқауға өңір колледждерінен 15 педагог қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
1 орын - Шайкенова Жанар Дюсенбаевна, «Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі»;
2 орын - Каипназарова Лилия Абитхановна, «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»;
3 орын - Елеусизова Арайлым Мерекекызы, «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық колледжі»;
Номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды:
Барлық қатысушылар сертификаттармен белгіленді.
Байқау жеңімпазы республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайды.