«Еңбек адамы - көркем әдебиетте» облысында байқаудын қорытындысы

«Еңбек адамы - көркем әдебиетте» облысында байқаудын қорытындысы

Көкшетау қаласының Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының кітапханашылары мен педагогтері арасында «Еңбек адамы - көркем әдебиете»  республикалық байқауының облыстық кезеңі өтті.

Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылып, еңбек адамының бейнесін көркем сөз арқылы насихаттауға бағытталды. Байқауға өңір колледждерінен 15 педагог қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:

1 орын   - Шайкенова Жанар Дюсенбаевна, «Щучинск қаласы, Жоғары техникалық колледжі»;

2 орын - Каипназарова Лилия Абитхановна, «Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі»;

3 орын - Елеусизова Арайлым Мерекекызы, «Щучинск қаласы, жоғары педагогикалық  колледжі»;

Номинациялар бойынша грамоталармен марапатталды:

  1. «Үздік эссе» -Турлыбекова Таттыгуль Токбаевна, «Шағалалы ауылы, Жоғары агротехникалық колледжі»;
  2. «Үздік оқырман» - Малькова - Солопова Алена Юрьевна, «Көкшетау қаласы, құрылыс – технологиялық колледжі».  

Барлық қатысушылар сертификаттармен белгіленді.

Байқау жеңімпазы республикалық кезеңде Ақмола облысының намысын қорғайды.