Алтын, гранттар және мойындалу: ақмолалық студенттер «DOSTI Skills Aktau 2025» байқауында жеңіске жетті

Алтын, гранттар және мойындалу: ақмолалық студенттер «DOSTI Skills Aktau 2025» байқауында жеңіске жетті

Ақтау қаласында тәжірибе алмасуға, заманауи технологиялар мен кәсіби шеберлікті көрсетуге арналған халықаралық достық чемпионаты — «DOSTI Skills Aktau 2025» өтті.

Байқауға Қазақстан, Қытай, Аустрия, Ресей және Сауд Арабиясынан келген студенттер мен сарапшылар қатысты. Қатысушылар электроника, робототехника және 3D модельдеу бағыттары бойынша өз шеберліктерін көрсетті.

Ақмола облысынан кәсіби шеберлік сайысына: Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледждің студенттері — Қожахмет Әділет пен Мацигора Сергей «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша және Көпсалалы инновациялық колледждің студенті — Рябоха Данил «Prototyping Modeling» құзыреттілігі бойынша қатысты.

Халықаралық чемпионаттың қорытындысы бойынша біздің қатысушылар инженерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп:

- Қожахмет Әділет пен Мацигора Сергей  жеңіс медаль иеленіп, еліміздің үздік жоғары оқу орындарынан гранттар жеңіп алды;

- Рябоха Данил құрметті III орынды иеленді.

Айта кету керек, келесі салалық чемпионат — «DOSTI Skills Kokshetau 2026» — Ақмола облысында, Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледж базасында өтеді деп жоспарлануда.