2025 жылдың 27-30 мамыр күндері Алматы қаласында Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтары арасында "Наубайхана шеберлігі" құзыреттілігі бойынша MASTER SKILLS KAZAKHSTAN-2025 республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Ақмола облысының намысын Көпсалалы инновациялық колледжінің оқытушысы Азамат Фаридович Тілеужанов қорғап, өз ісінің кәсіби маманы екенін дәлелдеді. Ол байқау барысында нағыз шеберлік пен шығармашылықты үйлестіре отырып, жүлделі үшінші орынға ие болды.