Ақмола облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарына арналған облыстық семинар

Ақмола облысының психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің мамандарына арналған облыстық семинар

2025 жылғы 4 маусымда Щучинск қаласындағы №6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің базасында

«Қарым-қатынас пен әлеуметтік өзара әрекеттесуде қиындықтары бар балалармен коррекциялық жұмыста сенсорлық интеграция технологиялары» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинар аясында қатысушылар келесі мәселелерді талқылады:

Сенсорлық интеграцияның заманауи тәсілдері

Аутизм спектрінің бұзылыстары (АСБ) мен басқа да даму ерекшеліктері бар балалармен жұмыс істеудегі тиімді әдістемелер

Облыс психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мамандарының тәжірибесінен практикалық кейстер

Семинар бағдарламасы теориялық бөлімді, шеберлік сыныптарын және диалог алаңын қамтыды.

Түзету кабинеттердің мамандары авторлық тәсілдерін ұсынды, ойын және бейімдеу аймақтарын көрсетті, сенсорлық бөлмелердің тиімді жұмыс істеуіне қатысты ұсыныстарды талқылап, қатысушыларға үлестірмелі материалдар берілді.

Семинар қорытындысы бойынша республикалық «Біздің таланттар» байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.