ШЕБЕРЛІК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

ШЕБЕРЛІК ЖЕҢІСКЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Республикалық деңгейдегі кәсіби шеберлік байқауы өз мәресіне жетті!

Сервис және қызмет көрсету саласы бойынша техникалық және кәсіптік білім беру педагогтары арасында өткен бұл сайысқа 18 өңірден 80 қатысушы қатысты.

Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің өндірістік оқыту шеберлері биік жетістіктерге қол жеткізді:

Коломиец Ольга Владимировна — «Мейрамхана сервисі» құзыреттілігі бойынша 2-орын

Панова Юлия Юрьевна — «Кондитерлік іс» құзыреттілігі бойынша 3-орын

Исаханова Толқын Бауржановна — «Аспаздық іс» құзыреттілігі бойынша «Шеберлік үшін» медальоны

Құрметті әріптестер, сіздердің еңбектеріңіз, кәсібиліктеріңіз бен табандылықтарыңыз — мақтаныш пен шабыттың үлгісі!

Жаңа жетістіктер мен табысты жобалар алда болсын!