Ақмола облысы «Алтайдан Оралға дейін» велошеруінің қатысушыларын қарсы алды

Ақмола облысы «Алтайдан Оралға дейін» велошеруінің қатысушыларын қарсы алды

1 маусым күні Атбасар ауданында республикалық «Алтайдан Оралға дейін» велошеруіне қатысушыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Бұл ауқымды шараның мақсаты — жұмысшы мамандықтарын насихаттау және салауатты өмір салтын дәріптеу.

Қонақтарды дәстүрлі бауырсақпен қарсы алып, мерекелік көңіл-күйді музыкалық композициялар толықтырды. Іс-шара аясында экскурсиялар мен кездесулер ұйымдастырылып, ел дамуына жұмысшы мамандықтарының қосатын үлесі талқыланды.

Естеріңізге сала кетейік, велошеру салтанатты түрде Өскемен қаласындағы Тәуелсіздік монументінің жанынан басталды. Осы уақытқа дейін қатысушылар Шығыс Қазақстан, Абай, Павлодар және Ақмола облыстарынан өтіп, 1000 шақырымнан астам жолды еңсерді. Алда — Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары.

Велошерудің мәресі 8 маусымға жоспарланған.