Щучинск қаласының Жоғары техникалық колледжінің студенттері республикалық хакатонға қатысып, еліміздің 28 мықты командасының ішінде 2-орынға ие болды!
Команда құрамында:
Галахов Никита
Лёшин Александр
Тулеубай Нуржан
Кенжебеков Мирас
Команда жетекшісі — арнайы пәндер оқытушысы Селиверстов Константин Олегович.
Студенттер жоғары кәсіби дайындықтарын, креативті ойлау қабілеттерін және ұйымшыл команда жұмысын көрсете білді. Олардың жобасы қазылар алқасынан жоғары баға алып, студенттердің нақты өмірлік тапсырмаларды шеше алатынын және республикалық деңгейде бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеді.
Біздің жеңімпаздарға сәттілік, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз!