Ақмола облысында алғаш рет «Үздік әлеуметтік педагог» атты облыстық байқау өткізілді. Аталған шараға өңірдің білім беру ұйымдарынан 14 әлеуметтік педагог қатысты.
Байқаудың мақсаты – әлеуметтік педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және білім беру жүйесіндегі әлеуметтік қызметтің мәртебесін көтеру.
«Байқауға аудандық/қалалық іріктеу кезеңдерінен өткен, педагог мамандығының ерекшелігін көрсеткен үздік өкілдер қатысты. Ең бастысы – еңбек өтілі мен тәжірибесіне қарамастан, жас мамандардан бастап тәжірибелі педагогтарға дейін бұл байқауға қатысуға мүмкіндік берілді»,- деп айтты Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы.
Байқау нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
I орын – Акишева Райхан Бериковна, Степняк қаласының жалпы білім беретін мектебі, Біржан сал ауданы;
II орын – Темірбекова Дана Маратовна, Атбасар қаласындағы №2 жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Гришина Ксения Борисовна, Сандықтау ауданы, Максимовка ауылының жалпы білім беретін мектебі;
III орын – Ткачёва Жансая Максатовна, Есіл ауданының Агротехникалық колледжі.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар, номинанттар және барлық қатысушылар сараптамалық комиссия шешімімен лайықты марапаттарға ие болды.