2025 жылғы 26-27 мамыр аралығында Хромтау қаласында тау-кен металлургия саласының оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.
Аталған байқауға еліміздің барлық өңірлерінен арнайы пәндер оқытушылары қатысты. Ақмола облысынан Щучинск қаласындағы Жоғары техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы – Құрмет Искандер қатысты.
Байқау барысында қатысушылар 7 түрлі модуль бойынша тапсырмалар орындады:
- нивелир көмегімен қашықтықты өлшеу
- тау-кен техникасын симулятор арқылы басқару
- өзін-өзі құтқару құрылғысын іске қосу,
- пневматикалық перфораторды бөлшектеу және жинау
- гидравликалық жүйені құрастыру және т.б. сынды практикалық тапсырмалар берілді.
Байқау қорытындысы бойынша Құрмет Искандер өзінің жоғары кәсіби біліктілігін көрсетіп, 1-орынды иеленді.
Сондай-ақ Ақтөбе облысында өткен тау-кен металлургия саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік байқауына Степногорск қаласындағы Тау-кен техникалық колледжінің арнайы пәндер оқытушылары да қатысты.
Мейіркүл Дюсенбаева І орынды, ал Леонид Мельник ІІІ орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті.
Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!