2025 жылғы 16 мамыр күні Астана қаласында 3-4, 5-6 сыныптар арасында «Алтын сақа» республикалық математикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.
Олимпиаданы ұйымдастырушылар: «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі.
Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру, ғылымға баулу, математикалық ұғымдарды талдауға, сыни тұрғыда ойлауға, күрделі есептерді шешуге дағдыландыру, олимпиада резервтерін қалыптастыру және қабілетті балаларды анықтап, ынталандыру.
Олимпиадаға Ақмола облысынан: 3 сынып – 4 оқушы, 4 сынып – 4 оқушы, 5 сынып – 4 оқушы, 6 сынып – 4 оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы және грамотамен – 1 оқушы марапатталды.
Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!