Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңінің қорытындысы

Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының төртінші (қорытынды) кезеңінің қорытындысы

2025 жылғы 19–21 мамыр аралығында Астана қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың төртінші (қорытынды) кезеңі өтті.

Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың пәндік олимпиадаларға қызығушылығын арттыру, ғылыми білімді насихаттау, дарынды балаларды анықтауға қажетті жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және дайындау, сондай-ақ еліміздегі білімнің беделін арттыру.

Олимпиада 12 пән бойынша — жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттарда — жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді.

Қорытынды кезеңге Қазақстанның барлық өңірінен 530-дан астам оқушы қатысты.

Ақмола облысынан Олимпиадаға 19 оқушы қатысты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдармен марапатталды.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 6 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша 7–8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде көрсеткен үздік нәтижелер үшін Ақмола облысына командасы «Ең үздік олимпиадалық команда-2025» ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.

І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Жаныбаева Диана - Ақмола облысы білім баскқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшатау қаласының №5 көппрофильді Таңдау гимназиясының 8-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі  орыс тілі пәні бойынша;
  2. Куспаев Ибрагим -Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, физика пәні бойынша;
  3. Маратова Жансая - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы, биология пәні бойынша;
  4. Смаил Айбын - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәні бойынша.

ІІ-дәрежелі дипломмен география пәні бойынша Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, Мустафин Альтемирмарапатталды.

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Жулькенов Султанбек - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, математика пәні бойынша;
  2. Морозова Александра - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск каласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы, биология пәні бойынша;
  3. Иманғалиев Инсар - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы, информатика пәні бойынша;
  4. Әлтәй Інжу - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша
  5. Рудниченко Дарья - Ақмола облысы білім басқармасының Бұланды ауданы бойынша білім бөлімі Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;
  6. Гаранина Алина - Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

Грамотамен марапатталды:

  1. Майканова Айкенай - Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Щучинск қаласының № 6 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәні бойынша.
  2. Сапарбек Маржан - Ақмола облысы білім басқармасының Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша;
  3. Рысдаулет Дина - Ақмола облысы білім басқармасының Қорғалжын ауданы бойынша білім бөлімі Майшұқыр ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

4.Даминов Дильдар - Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, информатика пәні бойынша;

5.Бакберди Бауыржан – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-сынып оқушысы, Қазақстан тарихы пәні бойынша.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!