Меню

Страницы

Статья

2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп

 

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетушілер туралы мәліметтер

Білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтерді «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ, аудандық (қалалық) білім бөлімдері және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары көрсетеді.

Заңды мекенжайы: Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1Б, А корпусы.

2) Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Ақмола облысында білім беру саласында 48 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2025 жылы білім басқармасы, аудандық (қалалық) білім бөлімдері және ведомстволық бағынысты ұйымдар 159 012 мемлекеттік қызмет көрсетті.

Оның ішінде:

  • электрондық үкімет порталы арқылы – 42 378 мемлекеттік қызмет;
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы – 647 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің кеңсесі арқылы – 68 773 мемлекеттік қызмет;
  • қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық форматта – 47 214 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден негізделген бас тартулар 4 964 өтініш бойынша берілді, оның ішінде: 4 941 – электрондық форматта және 23 – қағаз форматында.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

3) Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат

Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Балаларды бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары арасында ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау»;

«Жалпы білім беретін мектептерде оқитын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы білім алушыларды тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету»;

«Мектепке дейінгі жастағы (6 жасқа дейінгі) балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға жолдау үшін кезекке қою»;

«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және қабылдау (оқуға қабылдау)».

  1. Қызмет алушылармен жұмыс

1) Ақпарат көздері мен қолжетімділік орындары туралы мәліметтер

Қызмет алушылар үшін қажетті барлық ақпарат білім басқармасының ресми интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/activities/directions?lang=ru «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған, онда мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары жарияланған.

Сондай-ақ барлық ведомстволық бағынысты ұйымдардың ресми интернет-ресурстарында және ақпараттық стендтерінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) Ашықтықты қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар

2025 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар 2 539 түсіндіру іс-шарасын өткізді, оның ішінде: ресми интернет-парақшаларда 1 797 жарияланым, баспа басылымдарында 68 жарияланым, теледидарда 5 сөз сөйлеу және 41 семинар-кеңес.

Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары мен қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет
  2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында Ақмола облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы (19 қала мен аудан) жұмыс істейді.

Қосшы қаласында мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою, қабылдау және қабылдау (оқуға алу) қызметтері Balabaqsha Smart Nation жүйесі арқылы көрсетіледі.

  1. 2022 жылдан бастап білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру» жүйесі жұмыс істейді, онда 28 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

     ТжКБ саласында College Smart Nation ақпараттық жүйесінде 8 мемлекеттік қызмет автоматтандырылған.

  1. Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді 2 000-нан астам қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    2025 жылы 714 қызметкер мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау

1) Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат

2025 жыл ішінде білім беру саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау нәтижелері

Ішкі мемлекеттік бақылау бақылау іс-шаралары мен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу нысанында жүзеге асырылады.
2025 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспарына сәйкес Ақмола облысының білім беру ұйымдарында 10 бақылау іс-шарасы өткізілді.

Қорытындысы бойынша 19 ұсыным әзірленді, оның ішінде 16-сы орындалды, 3 ұсынымның орындалуы бақылауда.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері

2025 жылғы қоғамдық мониторинг нәтижелері бойынша Ақмола облысының білім басқармасына қатысты ескертулер жоқ.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру перспективалары

Мемлекеттік қызметтер көрсету тиімділігін және қызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру мақсатында келесі міндеттер қойылды:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын қатаң сақтау;
  • мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
  • электрондық үкімет порталы арқылы жүгінулер үлесін арттыру;

қызметкерлердің біліктілігін арттыру;

  • мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жүргізу.

 

Басшының орынбасары                                                                           В.Гамазов

Орынд: И. Франц
Тел.: 90-31-16

Дата публикации
27 февраля 2026
Дата обновления
27 февраля 2026
Тип
Есеп

Сейчас читают

Есеп
31 марта 2026
«Ақмола облысы білім баскарма» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
Есеп
27 февраля 2026
2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Есеп
07 апреля 2025
«Ақмола облысы білім баскарма» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты