Алғыс айту күні

Алғыс айту күні

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясында Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев Алғыс айту күнi мерекенi құру ұсынысын енгiздi. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығымен 2016 жылдың 14 қантарында 1 наурыз күнi мерекенiң ресми тойлау күнi бекiтiлдi.

Алғыс айту күнiн мерекелеу аясында Ақмола облысының экономика және бюджеттiк жоспарлау басқармасында салтанатты жиналыс өткiзiлiп, басқарма басшысы құттықтау сөз сөйледi, онда Алғыс айту күнiнiң мәнi мен негiзгi мiндеттерiне ерекше назар аудардылғанын хабарлайды.

Бұл мереке қиын-қыстау жылдары қазақ халқының көрсеткен қамқорлығы мен мейiрiмдiлiгiнiң ұмытылмайтынын бiлдiредi.

Алғыс айту күнi — ортақ тарихымызға көрсетiлген құрметтiң, бүкiл қазақстандықтардың өз шаңырағына айналған киелi қазақ жерiне деген ризашылықтың белгiсi.

Қазақстан халқы Ассамблеясының "Сыбаға" қайырымдылық акциясын өткiзу шеңберiнде басқарма қызметкерлерi үш баланы тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана А.Б. Жетписоваға, азық-түлiк пакетi және шаруашылық тауарлары түрiнде қолдау көрсеттi.