Ақмола облыстық мәслихатының өткен сессиясы туралы

Ақмола облыстық мәслихатының өткен сессиясы туралы

Ағымдағы жылдың 15 наурызында облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Депутаттар мәселелер бойынша шешімдерді, соның ішінде облыстық бюджетті нақтылауды бірауыздан қолдады.

Бюджетке енгізілетін өзгерістер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев хабардар етті.

Облыстық бюджеттің кіріс бөлігі ұлғайтылып, бюджет қаражатының бос қалдықтары жіберілді. Сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша оларды қайта бөлу жолымен өзгерістер енгізілді.

Проблемалық мәселелердің басымдылығын ескере отырып, бұл қаражат әлеуметтік саланы дамытуға, тұрғын үй объектілерін және инженерлік инфрақұрылымды салуға, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытуға бағытталған.

Тұтастай алғанда, енгізілетін мәселелердің өзектілігін ескере отырып, облыстық бюджетті нақтылау негізгі басым әлеуметтік-маңызды міндеттерді ескере отырып, облыстың одан әрі орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.