Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Ағымдағы жылдың 21 ақпанында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша басқармасы басшысының орынбасары "Мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру" тақырыбында дәріс өткізді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік қатынастардағы, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық келбеті мен сыртқы келбетіне қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға, қоғамның мемлекеттік органдардың қызметіне сенімін арттыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар түсіндірілді.