Брифинг туралы

Брифинг туралы

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында «Ақмола облысының жергілікті өзін-өзі басқару және перспективалы ауылдарын дамыту» тақырыбында брифинг өткізілді. Брифинг барысында Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасы айтылды.

Жергілікті өзін-өзі басқару қалалық және ауылдық елді мекендер тұрғындарының жергілікті маңызы бар істерді басқаруға және өмірлік маңызы бар мәселелерді тікелей шешуге қатысуын, сондай-ақ өңірлік дамудың іргетасын қамтамасыз ететін ең пәрменді тетіктердің бірі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мен тиімділігін арттыру жөніндегі жаңа тәсілдер Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасында көрініс тапқан.

Ауылдық аумақтарды дамыту көптеген жылдар бойы басым бағыттардың бірі болып айқындалған.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2019 жылдан бастап «Ауыл – Ел бесігі» жобасы (бұдан әрі – Жоба) басталды, оның негізгі мақсаты инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауылдағы өмір сүру сапасын жақсарту, оны жаңа өңірлік стандарттар параметрлеріне жеткізу болып табылады.

Жоба шеңберінде 2019-2020 жылдары халқының жалпы саны 80 мыңнан асатын 13 ауылға 70 жобаны іске асыруға 10,2 млрд. теңге бөлінді. Ағымдағы жылы халық саны 67 мың адам болатын 27 ауылдық елді мекен қамтылды, онда 8,5 млрд. теңгеге 77 жоба іске асырылуда.