Сыбайлас жемқорлықты алдын алу туралы

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу туралы

Ағымдағы жылдың 27 қыркүйекте бас маман-заңгер Л.С. Бекмағанбетова мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ұйымдастыру іс-шараларының кестесіне сәйкес экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының ұжымы үшін "Сыбайлас жемқорлықты алдын алу" тақырыбында аппараттық лекцияны  өткізді.

Аталған іс-шара барысында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің нормалары талқыланды.

Тыңдаушыларға мемлекеттік қызметшілерге қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенімін сақтау және нығайту бойынша үлкен жауапкершілік жүктелетіні жеткізілді.

Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдарға шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға өз бетінше қатысуға, мүліктік немесе өзге де игіліктер алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттіктерін құқыққа сыйымсыз пайдалануға, педагогтік, ғылыми, шығармашылық қызметтен басқа, кәсіпкерлік және басқа да ақы төленетін қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Мемлекеттік қызметшілердің негізгі қағидаттары кәсіпқойлық, адалдық, әділдік, қарапайымдылық болып табылады. Мемлекеттік қызметші өзінің тікелей міндеттерін атқарудан басқа, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға, заңда тәртіптік, әкімшілік не қылмыстық жауаптылық көзделген теріс қылықтар мен өзге де құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс.