Облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді

Облыстық бюджетке өзгерістер енгізілді

Ағымдағы жылдың 3 қыркүйектегі облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Депутаттар мәселелер бойынша шешімдерді, соның ішінде облыстық бюджетті нақтылауды бірауыздан қолдады.

Бюджетке енгізілетін өзгерістер бойынша облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаев хабардар етті.

Бюджет қаражатын тиімді пайдалану мақсатында бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша оларды қайта бөлу жолымен өзгерістер енгізілді. Басымдылығы бар мәселелерді ескере отырып, инженерлік объектілердің құрылысына және көлік инфрақұрылымын дамытуға, 2021-2022 жылдардағы жылыту маусымына дайындауға, әлеуметтік саланы одан әрі дамытуға аталған қаражаттар бағытталды.

Тұтастай алғанда, қосымша қаражат бюджетті бекіту кезінде бюджет қаражатының шектеулілігіне байланысты шешілуі неғұрлым кешірек мерзімдерге кейінге қалдырылған негізгі әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталды.