"Мемлекеттік қызметін көрсету сапасын арттыру" тақырыбы бойынша семинар

"Мемлекеттік қызметін көрсету сапасын арттыру" тақырыбы бойынша семинар

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы 18 тамызда «Дипломмен ауылға!» жобасы аясында «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызметін көрсету сапасын арттыруға бағытталған Zoom платформасында оқыту семинарын өткізді.

Семинарға аталған мемлекеттік қызметті көрсететін жауапты қызметкерлер және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің өкілі қатысты. Ережеге енгізілген соңғы өзгерістер түсіндірілді, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көтерілген мәселелер талқыланды және қорытындысы бойынша осы мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленді.