Отбасы күні қарсанында

Отбасы күні қарсанында

Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі - басқарма) Ақмола облысының жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілдерінің қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі жоспардың 10-тармағын, оның ішінде 2021 жылға арналған "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Өзгерістерді өзіңнен баста" кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде орындау үшін келесіні хабарлайды.

Отбасылық құндылықтарды дамыту мақсатында Басқармада "Отбасы күні" іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді, оның шеңберінде қызметкерлердің отбасы мүшелері шақырылды. Шақырылғандардың негізгі контингенті қызметкерлердің балалары болды.

Шақырылғандар үшін ғимарат бойынша экскурсия ұйымдастырылды, отбасы мүшелері жұмысшылардың жұмыс орнымен танысты, "менің анам жұмыста"тақырыбында суреттер конкурсы өткізілді. Соңында фуршет ұйымдастырылды, онда балалар өз әсерлерімен және тілектерімен бөлісті.